Халықаралық дәстүр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘСТҮР — халықаралық қатынастарда ұзақ уақыт қолдануына байланысты бекіген ереже. Дипломат. және теңізде жүзу тәжірибесінде, халықар. арбитраждар мен соттардың іс-тәжірибесінде қалыптасқан Х. д. мемл. актілер мен конвенцияларда баянды етілген. Мыс., ежелден белгілі дипломат. өкілдің құқығына қол сұқпаушылық дәстүрі халықар. келісімдерде және 1928 ж. көпжақты Гаванна конвенциясында бекітілді. Кейбір Х. д. қазіргі күні де маңызын жоғалтқан жоқ. БҰҰ-ның халықар. соты мемлекетаралық дауларды шешуде Х. д-лерге сүйенуге құқылы. Х. д. сыртқы сауда қатынастарында үнемі қолданылады.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify