Халықаралық гимнастика федерациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Organization

Сурет:FIG Lausanne.JPG
Лозаннадағы ФИГ штаб-пәтері

Халықаралық гимнастика федерациясы (Үлгі:Lang-fr немесе Үлгі:Lang-en) — спорттық гимнастика түрлерінің федерациясы. Штаб-пәтері Швейцариялық Лозанна қаласында орналасқан.

1881 жылдың 23 шілдесінде Бельгия гимнастика қауымдастығының президенті Николас Куперустың бастамасымен, Льеж қаласындағы конгресте, Бельгия, Нидерланд және Франция мүше болған Еуропа гимнастикалық қауымдастығы құрылды. ФИГ (FIG) қазіргі кезде әлемдегі ең ескі халықаралық спорттық федерация болып саналады.

Гимнастика олимпиада бағдарламасына алғаш рет 1896 жылы өткен Олимпиада ойындарынан бастап кірген. ФИГ жазғы олимпиада спорт түрлерінің халықаралық қауымдастығының федерациясына кіреді және халықаралық олимпиада комитетімен мақұлданған.

Халықаралық гимнастика федерациясына гимнастиканың алты түрі кіреді: Спорттық гимнастика, Көркем гимнастика, Спорттық аэробика, Спорттық акробатика, Батутта секіру және жалпы гимнастика.

Тағы қараңыз


Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер