Халықаралық бейбітшілік сыйлықтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК СЫЙЛЫҚТАРЫ, 1949 жылдың сәуір айында Бейбітшілікті жақтаушылардың дүниежүзілік 1-конгресінде бекітілген. Бұл сыйлықтарды беру туралы регламент Бейбітшілікті жақтаушылардың дүниежүз. конгресінің тұрақты к-тінің 2-сессиясында (1949 ж. 28 — 31 қазанда Римде өткен) қаралды. Х. б. с-н Дүниежүз. бейбітшілік кеңесі ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлеріне халықтар арасында бейбітшілікті нығайтуға ықпал жасаған ғыл. жұмыстарға, әдебиет пен өнер саласындағы үздік еңбектерге немесе бейбітшілікті уағыздайтын фильмдер үшін беріп отырады. Дүниежүз. бейбітшілік кеңесі 1951 ж. сыйлықтың үш түрін: Құрметті Халықар. бейбітшілік сыйлығын, Халықар. бейбітшілік сыйлығын және Бейбітшіліктің Алтын медалін бекітті. Бейбітшіліктің Алтын медалі 1959 жылдан бастап Жолио-Кюри атынд. Бейбітшіліктің Алтын медалі деп аталады.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}