Халықаралық автомобиль тасымалы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық Автомобиль Тасымалыкөлік құралымен ел аумағынан тысқа немесе ел аумағына жүк және жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ көлік құралымен ел аумағы арқылы транзитпен жүк немесе жолаушылар тасымалдау. Мұндай тасымалға елдің тасымалдаушысына тиесілі жүк не жолаушы тиелген немесе тиелмеген көлік құралының ел аумағынан шет мемлекеттің аумағына баруы немесе кері қайтуы, не шет мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен ел аумағына келуі, не басқа бір шет мемлекеттің аумағынан транзитпен ел аумағы арқылы өтуі, сондай-ақ шет ел тасымалдаушысына тиесілі жүк не жолаушы тиелген немесе тиелмеген көлік құралының ел аумағына келуі және кері қайтуы не транзитпен ел аумағы арқылы өтуі жатады.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}