Халел Арғынбайұлы Арғынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халел Арғынбаев (21.9.1924, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 8.8.1998, Алматы қаласы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1976), профессор (1982).
Халел Арғынбаев 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін Талдықорған облысы Жаркент қаласында педагогика училищеде мұғалім, 1957 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші, аға ғылым қызметкері, этнологиялық бөлімінің меңгерушісі, институттың бас ғылым қызметкері болды. Қазақ халқының тарихи этнографиясын (көшпенділік, мал шарушылығы, қолөнері оқу ағарту, отбасы) зерттеуге зор үлес қосты. Осы салада 200-ден астам ғылым еңбектер, бірнеше ғылым монографиялар жазған. 1959–76 жылы Қазақстанның бірқатар облыстарына арнайы ұйымдастырылған этнографиялық экспедицияларды басқарды. Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихи-этнография атласын жасауға ат салысты. Арғынбаев Қазақстандағы этнография ғылымының негізін салған академик Ә.Х.Марғұланның ғылым мектебі дәстүрін дамытты.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Халел Арғынбайұлы Арғынбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}