Хайдолла Әбдірахманұлы Тілемісов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілемісов Хайдолла ӘбдірахманҰлы (1929- 2000) "Қайнар" баспасының 1975-1995 жылдар аралығындағы директоры болып қызмет істеген.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. Х.Ә.Тілемісов 1929 жылы 20 мамырда Қостанай облысы Обаған ауданына қарастыы "Сатай" ауылында шаруа отбасында туған.


Оның еңбек жолы 15 жасында Қостанай облыстық филармония да әншілік қызмет атқарудан басталады. Араға 5 жыл түскен соң ол облыстық радиокомитетке диктор әрі редактор болып орналасады. Ал 1955 жылы Х.Тілемісов Алматыға қоныс аударып, 1960 жылта шейін "Лениншіл жас" газетінде бөлім меңтерушісі ретінде жастар өмірінен көптеген мақалалар мен очерктер жазып, қабілетті журналист ретінде танылады. 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдайды.

Бұдан кейінгі уақытта Хайдолла Әбдірахманұлы — "Ауыл өмірі" радиостанциясында, Қазақ радиосында, радио, телевидение жөніндегі Мемлекеттік комитетте бас редакторлық қызметтерінде болған. Содан 1970 жылы республикалық "Қайнар" баспасына жіберіліп, әуелі бас редактор, 1975 жылы директорлыққа тағайындалады.

Х.Тілемісов басқарған жылдарда "Қайнар" баспасы көлемдік, өндірістік, сапалық жағынан жаңа өрістерге шығып, зор абыройға ие болды. Хайдекең аса іскер, экономика жағында өте сауатты баспагер ретінде көп салалы творчестволық ұжымда басқарудың демократиялық үрдістерін қалыптастырды. "Қайнарға" өзі секілді білімдар, ізденгіш журналистер тартылды. Олардың біразынын ауыл шаруашылығы саласында қосымша мамандықтар алуына жағдай жасалды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде "Қайнар" Мәскеуде өткен Халықаралық жәрмеңкелерге белсене қатысып, қазақ кітаптарының шетелдерде тарауына айтарлықтай үлес қосты. Әрине, ол жылдарда баспалардьң осылайша өсіп-өркендеуіне мемлекет тарапынан зор камқорлық жасалып, көмектер көрсетілгені де баршаға белгілі.

Х.Тілемісов қарымды қаламгер ретінде публицистика, деректі проза, көркем аударма салаларында да елеулі еңбек етті.

Хайдолла Әбдірахманұлы Тілемісов — "Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген кайраткер" (1981) атағын алған, "Баспасөз ісінің үздігі" (1989). Ол әлденеше медалдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}