Хазихан Наушаұлы Бөкейханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хазихан Наушаұлы Бөкейханов (28.10.1899, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы – 1.11.1966, Алматы) – қазақтың тұңғыш анатом ғалымы, медицина ғылдарының кандидаты (1942), профессор (1945), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1945). 1914 жылдары Ордада төрт кластық мектепті бітірген. 1918 жылы Астрахандағы фельдшер-акушерлік мектепті бітіріп, фельдшерлік пунктің меңгерушісі болды (1925). Осы жылдары Орданың Шонай, Сайқын, Толыбай аудандарындағы сүзек (1918), тырысқақ (1918 – 19), оба (1920) індетіне қарсы шыққан экспедицияларға қатысты. Астрахан медицина институтын бітірген (1930). 1930 – 34 жылдары Орал облысыъъның Казталовка ауданында емхана меңгеруші, 1934 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы медицина институтында, қалыпты анатомия кафедрасында аспирант, ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1962 жылдан) болып жұмыс істеді. Бөкейханов бұғақ, безгек, жұқпалы тері ауруларын зерттеп, оларды емдеу мәселелерімен шұғылданды. 16-дан астам ғылыми еңбектері бар. “Құрмет белгісіорденімен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хазихан Наушаұлы Бөкейханов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}