Хажы Қонарбайұлы Оңғалбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хажы Қонарбайұлы Оңғалбаев (1903, Красноводск – 1930) – қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Он алты жасқа дейін Красноводскідегі орыс мектебінде, темір жол училищесінде оқыған. Уездік басқармада курьер, 1922 – 25 ж. Адай уезінде, Теңіз уезінде прокурордың көмекшісі, прокурор, 1925 – 27 ж. Қарабусол тресі меңгерушісінің орынбасары (Баку), 1927 – 28 ж. уездік қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оңғалбаев түбекте аштықпен күрес, жұт зардабын жою, халық ағарту ісінде көзге түскен. 1928 – 29 ж. Форттағы түрмеде отырған. 1929 ж. 18 ақпанда қайта тергеуге алынып, Гурьев (қазіргі Атырау) түрмесінде ОГПУ үштігінің үкімімен атылды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хажы Қонарбайұлы Оңғалбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}