Хадиша Жарасқызы Бекмұхамедова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хадиша Жарасқызы Бекмұхамедова (6.5. 1896, Бөкей ордасы ауданы — 16.7.1978, Алматы) — жергілікгі ісмер. Киіз үйге қажетті жасау-жабдықтар, сәндік бұйымдар жасауды екесінен үйренген. 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан. Онда шебер езі жасаған бұйымдардың озық үлгілерін керсеткен. Бекмұхамедова — ұлттық ою-өрнекке бай кілемдер мен тұскиіздердің, сырмақтар мен текеметтердің авторы. Сондай-ақ ол алтын, күміс жіптермен зерленген басқұрлардың, бас киімдердің үлгілерін жасаган. Олардың кейбіреуі қазіргі кезде Қазақстанның, Қарақалпақстанның, сондай-ақ Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының музейлерінде сақтаулы. Ол жасаған текеметтің бір үлгісі Рим қаласының (Италия) мұражайында тұр.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}