Хадиша Есентұрқызы Мырзалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хадиша Есентұрқызы Мырзалиева (1913, қазіргі Алматы Қызылорда қаласы) – акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы (1959), профессор (1960).<ref name="Source 9">Сыр елі энциклопедиясы</ref> Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1964). Саратов медицина институтын бітірген (1936). 195159 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министлігі жанындағы Ана мен баланы қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1959 – 62 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының (АлматыҚазҰМУ) акушерлік-гинекологиялық кафедрасының меңгерушісі болды. 1962 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында жұмыс істеді. Мырзалиева екіқабат әйелдердің жұқпалы ауруларын, олардың белгілері мен анықтау жолдарын зерттеген. Жүрегі мен қан тамырлары зақымданған әйелдің құрсақ көтеруі, босануы, сол кезеңдерде көрсетілетін дәрігерлік көмек мәселелерімен шұғылданған. 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 4 монография бар.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хадиша Есентұрқызы Мырзалиева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}