Хадиша Баязитова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баязитова Хадиша (1.1. 1938, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданы – ұстаз, публицист-ақын, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі (1980), «Күміс алқа» иегері (2003). Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1957). Жаңақорған ауданы 51 орта мектеп мұғалімі (1962-69), 162 орта мектеп директоры (1969-82) , 125 орта мектеп директоры (1982-92) қызметтерін атқарған. 1993 жылдан ауданы мұсылман әйелдері қоғамының жетекшісі. Б. ширек ғасыр ішінде жергілікті оқу-ағарту ісінің дамуына, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласына зор үлес қосты. Ол басқарған мектептер облыстағы алдыңғы қатарлы мектептер санатынан орын алды. Облыстағы қоғамдық істерге де белсене араласып, елдегі оқу-ағарту, тәрбие ісі, әлеум. мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отырды. Сыр өңірінің қоғамдық өміріне белсене араласқан әйел-аналардан жасақталған делегация құрамында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында екі мәрте болды. Баязитованың «Бақытымды босағамнан күтемін» жинағына (2006) әр жылдары республика облыс ауданы баспасөз беттерінде жарық көрген өлеңдері мен толғаныстары, естелік мақалалары топтастырылған. КСРО Оқу министрлінің Құрмет грамотасымен (1986), Қызылорда облысының Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1988), Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс-хатымен (16.12.2001) марапатталған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хадиша Баязитова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}