Хавазов Якуб Диказович (Хуэщир)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(1922–2002)

Жазушы Якуб Хавазов Пішпек қаласында 1922-жылы 15-қаңтарда туған. 1936-жылы Қырғыз педтехникумының даярлау бөлімінде оқыған. 1939–1941-жж. Фрунзедегі С.М.Киров атындағы ауыл шаруа техникумында, 1948–1950-жж. Қырғыз ССРінің республикалық өспірімдер мектебінде, 1959–1964-жж. Алма-Атадағы Жоғарғы партиялық мектепте оқыған.
Еңбек жолын 1941-жылы колхозшы болып істеумен бастаған. 1942-жылы Советтік Армияның қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысы мезгілінде офицерлік шінде 1-Прибалтикалык фронттың құрамында Кенигсбергке шейін жеткен. 1946-жылдан сельпоның төрағасы, Киркоопинсоюзының сауда инспекторы, 1950-жылдан Фрунзедегі «Ала-Тау» кинотеатрының директоры, 1954-жылдан Токтогул Сатылганов атындағы Қырғыз мемлекеттік филармониясының бас администраторы, 1959-жылдан «Шыйуэди чи» атты дүнген гәзетінің жауапты хатшысы, 1964-жылдан хабаршы, өз хабаршы, 1985-жылдан редакторы болған.
Я.Хавазов М.Шолоховтың «Судьба человека», Д.Фурмановтың «Красный десант», «РВС» атты шығармаларын, Ленин жөнінде әңгімелерді, Ш.Айтмат, К.Каимов сияқты қырғыз жазушыларының шығармаларын дүнген тіліне аударған.
Жазушының бірінші кітабы – «Судьба Халичи» атты әңгімелер жинағы 1975-жылы орыс тілінде шыққан. 1977-жылы «Долг» атты повестілер және әңгімелер жинағы дүнген тілінде жарық көрген.
Ал публицистикалық очерктердің, мақалалардың авторы. 1967-жылы «Қырғыз ССРінің мәдениетіне еңбек сіңірген іскері» атағы берілген.
1959-жылдан КСРО Журналистер союзының, 1980-жылдан КСРО Жазушылар союзының мүшесі.
Ұлы Отан соғысының I – II дәрежедегі ордендері, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Қаһарман еңбегі үшін», В.И.Лениннің туған күнінің 100 жылдығының қурметіне «Қаһарман еңбегі үшін» медалі, Қырғыз ССРінің ЖКсының Ардақ грамоталарыменен сыйланған.

ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАПТАРЫ

Орыс тілінде

Судьба Халичи: Рассказы. – Ф.: Мектеп, 1975. – 111 с.

Становление: Повести /Пер. с дунг. А. Сальникова. – Ф.: Кыргызстан, 1984. – 160 с.

Дүнген тілінде

Долг: Повесть и рассказы.– Ф.: Кыргызстан, 1977. – 108 с.

Становление: Повести.– Ф.: Кыргызстан, 1984. – 160 с.

Аудармалары

Рассказы советских писателей. – Ф.: Мектеп, 1979. – 152 с.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}