Хабуб

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАБУБ (араб. — сұрапыл дауыл) — Африканың солт.-шығысындағы (негізінен Судан мен Египет жерінде) және Арабия түбегіндегі шаңды немесе құмды дауыл. Шөлден келетін суық атмосф. шептің тез араласуынан (жекелеген ұйтқыма желдің күші 60 км/сағ) қалың бұлт пайда болып, кейде биікт. 1,5 м және ені 30 км-ге жететін “қалың қою шаң” қабаты түзіледі. Әдетте бірнеше сағатқа созылады, кейде найзағайлы қатты нөсер жауынның бастамасы болады. Көбіне мамыр — қазан айларында (Хартумде жылына 24 рет) соғады.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}