Хабиболла Оспанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хабиболла Құсайынұлы Оспанов (10.7.1932 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылы) – химия ғылым докторы (1981), профессор (1983), Халықаралық және Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар ғылым академияларының академик (1995), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1976). ҚазМУ-ды (1955, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1965) бітірген. Павлодар облысы Майқайың кентіндегі мектепте мұғалім, «Майқайыңалтын» комбинатында инженер (1955–1958), орталық лаборатория бастығы (1958–1962), ҚазМУ-да кіші, аға ғылым қызметкер (1965–1976), профессор (1976–1983), кафедра меңгерушісі (1983–2002) болып жұмыс істеді. 2002 жылдан ҚазҰУ-да проф. қызметін атқарады. 1979 ж. «Разработка физико-химических основ и принципов прогнозирования последовательного растворения минералов и неорганических материалов (на примере сульфидов, оксидов, силикатов)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектері негізінен химияның және электрхимияның неорганикалық физика, химия технологиясын зерттеу мәселесіне арналған. 1100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 22 монография (мыс., «Физико-химические основы избирательного растворения минералов», 1993; «Общие принципы урегулирования действия гальванического эффекта между сульфидными в условиях гидрохимического процесса», 2004, т.б.), 20 оқулық пен оқу құралының авторы. 150 өнертабыс пен патенттердің, 3 халықаралық жаңалықтың иегері.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Қосымша мәліметтер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хабиболла Оспанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}