Функциялық психология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Функциялық психология (Үлгі:Lang-la - атқару) - ұғыну, сана процестерін, олардың ағзаның ортаға бейімделуіндегі функциясы тұрғысынан зерттейтін бағыт. Биологиядағы эволюциялық теорияның ықпалымен және әлеуметтік практиканың сұрамдарына орай пайда болады. Бұл практика құрылымдық психологиядағы сананың стильдік әр элементтік талдануын индивид үшін өмірлік маңызы бар міндеттерді орындау кезіндегі сананың іс-әрекеттік рөлін зерттеуді талап еткен болатын. Функциялық психологияда бірнеше ағым болды. Психология ағзаның қажетсінулеріне қатысты және оның өзгермелі табиғи және әлеуметтік ортаға пәрменді бейімделу міндеттеріне байланысты сананың функциялары туралы ғылым деп ұғынылады. Осы арқылы психология саласы едәуір ұлғайтылды. Ол сананы ғана емес, мінез-құлықты, бұның түрткі себептерін, адамдар арасындағы даралық айырмашылықтарды, үйрету механизмдерін және психологияны практикамен жақындастырған басқа да проблемаларды қамтитын болды. Бұл бағытты жақтаушылар эксперименттік психологияға елеулі үлес қосты. Алайда олардың теориялық позицияларының босаңдығы салдарынан ғылыми ықпалынан айырылып қалды. XX ғасырдың 20-жылдарында америкалық функциялық психологияны бихевиоризм ығыстырып шығарды.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}