Функциялық жүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Функциялық жүйені орыс физиологі П. К. Анохин (1898-1974) зерттеді. Ол адамның мінез-құлқын реттейтін тұжырымдама ұсынады. Тұжырымдамада функциялық жүйенің үлгісі ретінде кең тарады. Тұжырымдама бойынша адам қоршаған әлемнен тыс өмір сүре алмайды, адам үнемі сыртқы фактордың ықпалында болады. Кейбір фактордың әсерін адам сезінбейтін немесе нашар сезінетін болса да, ерекше әсер етеді — адамға жауап қайтаратын реакция туғызады. Бұл жауап қайтаратын реакция бағдарлау реакциясынен сипатталады және адамның белсенділігін арттырады. Функциялық жүйенің нәтижесі оның жүйе құру факторы болып келеді. Функциялық жүйеге құрамды бөлім ретінде рефлекс кіреді. Организмнің функциялық жүйесі — объективтік шындық, сондай-ақ қазіргі кездегі физиологиялық субъективтік категориясы. Функциялық жүйе тірі организмнің жұмысын және оның қоршаған ортамен қатысу қағидаларын зерттеуге мүмкіндік береді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}