Фуат Шәкірұлы Мансұров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Фуат Шәкірұлы Мансұров (10.1.1928 жылы туған, Алматы) — дирижер, ҚазКСР-інің (1967), Татар АКСР-інің (1975) және РФ-ның (1998) халық артисі 1950 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін (А.Жұбанов пен И.А. Зактың класы бойынша) бітірді. Одан кейін Мәскеу мемлекеттік консерваториясында (Л.М. Гинзбургтың класы бойынша) оқыды. 1949 — 52 ж. Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің, 1953 — 56 жылы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының, Қазақ радиосының симфониялық оркестрінің дирижері болды. 1958 жылдан ҚазКСР мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамымен Германияда, Польшада, Италияда және т.б. шет елдерде өнер көрсетті, ал 1963 жылдан Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері болды. 1968 жылдан Татарстан опера және балет театрының, 1969 жылдан Үлкен театрдың (Мәскеу), 1985 жылдан Қазан филармониясы (Татарстан) мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі. Сондай-ақ Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданды, Мәскеу мемлекеттік консерваториясында (1980 жылдан профессор) дирижерліктен сабақ берді. Мәскеу қаласында өткен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік фестивалінің (1957), 2-Бүкілодақтық дирижерлер байқауының (1966), Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы (1994) лауреаты болды. Достық және “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}