Фтор-органикалық қосылыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фтор-органикалық қосылыстармолекуласында бір немесе бірнеше F–C байланысы бар қосылыстар. Фтор-органикалық қосылыстар химиясы 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап тез дамыды. Көмірсутектердің, спирттердің, альдегидтердің, кетондардың, т.б. көптеген Фтор-органикалық қосылыстардың фтор туындылары белгілі. Бұл қосылыстар басқа галоген-органикалық қосылыстарға қарағанда өте көп. Фтор-органикалық қосылыстарды алу үшін органикалық қосылыстардағы хлор немесе бром атомдарын фтор атомымен алмастыру әдісі қолданылады: C6H5–CCl3+3HF→C6H6–CF3+3HCl 3CCl4+2SbF3→3CCl2F2+2SbCl2 Электрохимиялық фторлау әдістерінде фторлайтын затты құрғақ фторлы сутекте ерітіп, электролиз арқылы перфторланған заттар алады. Фтор-органикалық қосылыстар техниканың көптеген салаларында кеңінен қолданылады. Ол фторопласттар, фторлы каучуктер, коррозияға төзімді жабын, т.б. алуда пайдаланылады. Медицинада Фтор-органикалық қосылыстардан жасанды жүректің қақпашалары мен тамыр дайындалады.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}