Франц-Иосиф жері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Franz Josef Land MODIS.jpg
Ғарыштан сурет

Франц-Иосиф жеріБаренц теңізінің солтүстігіндегі топарал. Әкімшілігі жағынан Ресейдің Архангельск облысына қарайды. Аудандық 16,1 мың км. Франц-Иосиф жері кең әрі терең бұғаздар арқылы үш бөлікке бөлінеді: Шығысы басқалардан Австрия бұғазы арқылы бөлінген. Ірі аралдары — Вильчек жері, Греэм-Белл және Ла Ронсьер; Орталығы Австрия бұғазы мен Британ каналының аралығында, аралдардың көпшілігі осында; Батысы— Британ каналынан батысқа қарай, мұнда Франц-Иосиф жеріндегі ең ірі арал — Георг Жері мен Александра жері орналасқан. Топаралдың 90%-ын мұздықтар алып жатыр. Ең биік жері — Винер-Нойштадт аралында (620 м). Франц-Иосиф жерінің жер бедері — базальт жабындылардан тұратын тілімделген үстірт; жағалаулары — бұғаз суымен шайылған құламалы жартастар. Юра кезеңінен қалған қоңыр көмір қабаттарының шөгінділері кездеседі. Климаты мұхиттық, суық. Қаңтардың орташа температурасы –24°С, шілдеде — 1,5 — 0,7°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері- 500 — 700 мм, көбіне қар түрінде түседі. Жазда мұздан босаған аумақтарда грунт 40 см-ге дейін ериді. Өсімдік түрі мардымсыз — мүк, қына, полюс көкнәрі, полюс талы, тасжарған өседі. Жануарлардан ақ аю, полюс түлкісі, суларында итбалық, теңіз қояны, морж мекендейді, оңтүстігінде құс базары кездеседі. Франц-Иосиф жерін 1873 ж. К.Вайпрехт және Ю.Пайер басқарған Австрия-Венгрия экспедицияны ашып, Австрия императоры Франц-Иосифтің есімін берген. Топарал 1926 ж. КСРО аумағына енді.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}