Француз музыкасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Франция музыкасы - қазіргі Франция аумағында бұрынғы замандарда тұрған галл және франк тайпалары фольклорынан бастау алады. Француз музыкасының іргетасын кұрған — халық ән мәдениеті және галло-рим мәдениеті болған. Соның ішінде шіркеу музыкалары көп орын алған. IV ғасырда христиандардың табыну формасы шыға бастады, бірақ VIII—IX ғасырлар бұл формаларды григориандық литургия ығыстырып жіберді. IX ғасырда шіркеу музыкасының жаңа формалары, соның ішінде секвенция (проза), тропалар пайда болды. Литургиялық драма да осы кезде пайда болды.

XIV-XVIII ғасырлардағы Француз музыкасы

XIV ғасырда "Ars nova" жаңа бағыты пайда болды. Оның идеологі — Филипп де Витри. XV—XVI ғасырлар француздың музыкалық мәдениетінде үлкен орын алған франко-фламандық мектептің сазгерлері: Ж.Беншуа, Г.Дюфаи, И.Окегем, Я.Обрехт, Ж.Депре. XVII ғасырда Парижде италиялық сазгерлер мен әншілер жұмыс істеді. Ең алғаш ұлттық операларды жарыққа шығарған Э.Жаке де ла Гер ("Махаббат триумфы"), сазгер Р.Камбер және ақын П.Перрен (Пастороль) болған. 1671 жылы "Музыка және бидің корольдық академиясы" ашылды. Басшысы хореограф Ж.Б. Люлли болды. Ж.Б.Люлли — Ұлттық опера мектебінің лирикалық трагедия жанрына көп үлес қосқан адам. XVIII ғасырда опера басты жанр болған, сол кезде Рамо операға жаңа реформалар жасап, гармония туралы ұғым енгізді. XVIII ғасырда ортасында Жәрмеңке театрлардың өткір сатиралық койылымдары ерекше орын алды.

XIX-XX ғасырлардағы Француз музыкасының бағыты мен сазгерлері

80—90-жылдары француз музыкасында XIX ғасырда кең тараған жаңа импрессионизм бағыты пайда болды. Көптеген француз сазгерлері орыс музыкасына көп көңіл аудара бастады, бүкіл әлемдік көрме кезінде Парижде өткен (1889) орыс концерті Франция өмірінде үлкен оқиға болды. XIX ғасырда аяғы — XX ғасырда бірінші жартысында А.Руссельдің, Ш.Кекленнің, Ж.Роже-Дюкастың, Л.Обердің және т.б. шығармалары жаксы дамып жатты. XX ғасырда алғашқы он жылдығында урбонизм эстетикасын жақтаған бунтарлық — антибуржуазиялық көзқарастағы Э.Сати және Ж.Кокто өздеріне көп көңіл аудартты. Олардың басқаруымен сазгерлердің шығармашылық бірлестігі — "Алтылық" ашылды. Бұл бірлестікке шығармашылық көзқарастары әр түрлі болса да ұлттық дәстүрге деген "махаббаты" жаңалыққа, сонымен бірге карапайымдылыққа ұмтылыс біріктіріп отырған Д.Мийо, А.Онеггер, Ф.Пуленк, Ж.Орик, Л. Дюрей, Ж. Тайфер тәрізді сазгерлер кірді. "Алтылық" ыдырап кеткеннен кейін Сати жаңадан жас сазгерлер тобын құрды, яғни "Аркеи" мектебін ашты, бұл мектепке өліатағы шықпаған А. Соге, Д. Дезормьер, М. Жакоб, т.б. сазгерлер кірген еді. Француз музыкасының XX ғасырда ортасындағы ірі өкілі, опералық ораториялық жанрда жазған Онеггер және барлық дерлік жанрда жазған Мийо болған. 30-жылдары кейбір сазгерлердің шығармасында модернистік тенденциялары күшейе түсті.

Париждегі музыканың дамуы

1918 жылы Парижде американдық "Фонтенбло" консерваториясы және т.б. музыкалық ғылыми зерттеу орталықтары, Париж университеті жанындағы музыкатану институты пайда болды. 1935 жылы Ұлттық музыкалық федерация қалыптасты, бұған А. Руссель, Ш. Кеклен, Л. Дюрей, Д. Мийо, А. Онеггер, т.б. және жазушылар Л. Арагон, Л. Муссинак енді. 1967 жылы Франция радиосында жаңа филармониялық оркестр ашылды. 1977 жылы Ұлттық сазгерлер бірлестігі ашылды. Париж — ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық музыкалық кеңес резиденциясы. Францияда Халықаралық пианистер мен скрипкашылар конкурстары өтеді. 1964 жылы Халықаралық гитара аспабында ойнау конкурсы өтті. Тулуз қаласында вокалистер конкурсы өтеді (1954 жылдан бері), 1951 жылдан бері Безансонда Жас дирижерлер фестивалі өтеді. Көптеген Франция қалаларында 60-жылдары опера театрлары, симфониялық оркестрлер, музыкалық оку орындары ашылды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Өнер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Француз музыкасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}