Франсуа Коппе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Франсуа Коппе (толық аты-жөні Франсуа Эдуард Жоашен Коппе,Үлгі:Lang-fr; 26 қаңтар 1842 жыл, Париж – 23 мамыр 1908 жыл, сонда) – француз ақыны, драматург және прозашы, Парнас мектебінің өкілі. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%BF%D0%B5,_%D0%A4%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D1%83%D0%B0</ref> 1884 жылы Француз Академиясының мүшесі болады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы «Реликварий» (Reliquaire, 1866) деген атпен шығады. 1869 жылы «Жүргінші» (Le Passant, орысша аудармасы 1892) атты пьесасы арқылы драматург ретінде танылады. Сонымен қатар тарихи тақырыпта жазылған «Якобиттер» (Les jacobites, 1885, орысша аудармасы 1889) атты драмасы бар. 1888 жылы Құрмет легионы орденімен марапатталады. Ресейде ХІХ ғасырдың аяғында Коппенің шығармалары көптеп басылып шығады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}