Франсиско Кеведо-и-Вильегас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Франсиско Кеведо-и-Вильегас (1580 жыл 26 қыркүйек, Мадрид - 1645 жыл 8 қыркүйек, Вильянуэва-де-лос-Ифантес) - испандық сатирик жазушы.

Өмірі

Дворян отбасында туған. Жан-жақты білім алған. Кеведо-и-Вильегас көзқарасы мен шығармашылығына Испания мәдениетінің Қайта өркендеу дәуіріндегі дағдарысы әсер етті. Ол өзінің «Түс көру» (1627) сықақ өлеңдерінде қоғамдағы жағымсыз қылықтарды аяусыз әшкереледі. «Дон Паблос алаяқтың өмір тарихы» (1926) сияқты роман да жазды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>