Флорида университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

Сурет:MurphreeStatue.jpg
Университеттің екінші президенті Альберт Мёрфридің мүсіні
Сурет:И0аааа.jpg
Гейнсвилл, Флорида университеті

Флорида университеті (ағылUniversity of Florida) — АҚШ, Флорида, Гейнсвилл қаласында орналасқан жоғары оқу орны1853 жылы салынды

Тарихы

Университет ашылған күні деп 1853 жылдың 6 қаңтар күні есептеледі. Сол күні Флориданың губернаторы — Томас Браун, Флорида штатындағы жоғары білімді мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету жайлы заң жобасына қол қойды.  1866 жылға дейін мекеме Шығыс Флориданың семинариясы деген атқа ие болған; ал Азамат соғысынан кейін аты Флорида Университетіне ауысты. Осы кезде жоғары оқу орнының орналасуы да ауысты — студенттер мен оқытушылар Гейнсвилл қаласына көшті. 1903 жылы университет құрамына ауылшаруашылық колледжі кірді және оқу орны заманауи түрге жетті.

1905 жылы штат колледждерін университет шатырының астына біріктіруге көмектескен Бакмен заңы шықты. Алайда, осымен қатар, заң жыныс пен нәсіл бойынша сегрегацияны бекітті. 1906 жылы Гейнсвеллде университеттік кампус ашылды.

1946 жылдан бастап абитуриенттер арасындағы университетке деген қызығушылықтары анағұрлым өсті. Олардың арасында көбісі жоғары оқу орындарына арнайы заң бойынша қабылданған, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері болған. 1958 жылдан бастап афроамерикалықтарға университетте оқуға рұқсат берілді.

1985 жылы Америкалық университеттер қауымдастығының мүшесі бола келді.

Факультеттері

Университет қурамында келесі факультеттер бар: 
  • Биологиялық 
  • Геологиялық,
  • Геобиологиялық
  • Геофизикалық
  • Тарихи
  • Философия тарихы
  • Биофизикалық
  • Ағылшын тілі
  • Астрономиялық
  • Компьютерлік жүйелер
  • Инженерлік
  • Геохимиялық 
  • Химиялық
  • Экономикалық
  • Менеджмент
  • Социологиялық
  • Физикалық
  • Математикалық
  • Биохимиялық
  • Аэронавтика
  • Механика
  • Электрика және т. б.

Студенттері

Университетте 130 елден 9,5 мыңға жуық студент оқып жатыр. 2007 жылы Флорида университетінің Халықаралық білім институті зерттеу жасады. Зерттеуге сәйкес, ЖОО шетелдік студенттер саны бойынша елде 17 орынға ие болды<ref>Petersons.com Internation Student statistics</ref>.

Америка құрама штаттарында афроамерикалықтарға берілетін бакалавр дәрежелер бойынша екінші, ал испан тілді студенттер саны бойынша — үшінші орынды алады. Сонымен қатар, ЖОО афроамерикалықтарға берілетін доктор дәрежесі бойынша бесінші, ал латиноамерикалықтарға болса берілетін доктор дірежесі бойынша  — екінші орында.

Мұражайлар

Сурет:UF HarnMuseum.JPG
Көркем мұражай

Университет жанында 1891 жылы салынған жаратылыс тарих мұражайы орналасқан.  Онда аймақтың жаратылыс тарихына, мәдениетіне, биологиясына арналған көптеген экспонаттар бар. Мұражай топтамасында әлемдегі көбелектердің ең үлкен коллекциясы бар — 6 млн экземплярдан астам.

Сондай-ақ университет аймағында 1990 жылы салынған көркем мұражай орналасқан. Бұл жерде азиялық және африкалық суреттер, заманауи өнер заттары мен фотосуреттер бар.

Атақты ұстаздары мен түлектері

Университетте әр түрлі уақытта жұмыс істеген азаматтар:

ЖОО студенттерінің арасында:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер