Филиппс
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Филиппс — голландиялық ұлтаралық корпорация.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.
Әлемнің кез келген нүктесінен "Филиппс" корпорациясы жасаған электр шамы мен жарық аппаратураларын, радиоқабылдағыштарды, магнитола, бейнетехника, лазерлі дискілерді, күнделікті техникаларды кездестіруге болады.
"Филиппс" маркасындағы микросхема, компьютер, робот, бейнетерминал бағдарламалары да бар. Компания негізін 1891 жылы әкелі-балалы голландық Филиппстер құрған. Дүниежүзінде 420 зауыты бар, олардың 50%-ы Еуропада орналасқан.
Дерекөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала