Физикалық-химиялық әдістер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Физикалық-химиялық әдістер - қандай да болса нысандардың химиялық құрамы мен физикалық табиғатын анықтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаның айтарлықтай ластауы жағдайында химиялық талдау да бақылауды жүзеге асыруға сенімдік құрал болып табылады. Физикалық-химиялық әдістерді пайдалану тек ластану деңгейін анықтаумен ғана шектелмейді. Табиғат нысандарының табиғи күйіне де солардың жәрдемімен баға береді. Мысалы, бұлақ және минералды су құрамын, топырақтың құрылымы мен құрамын анықтайды. Физикалық-химиялық әдістер географиялық әдістермен бірге атмосфераның, климаттың және т.б. күйін экологиялық тұрғыда зерттеу үшін қолданылады.<ref>"Биология 11 сынып."</ref>

Дереккөздер

<references/>