Фианит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фианит (аты КСРО ғылым академиясының Физика институтының бас әріптерінен құралған) – цирконийдің кубтық оксиді болып саналатын жасанды жолмен алынған (1976) минерал. 1966 жылы Ресей геологы А.А.Иван Степанович Конев Батыс Байкал өңірінде сілтілі интрузивті құрайтын тау жыныстары құрамынан Ф-ке өте ұқсас, кристалдары 0,01 – 1,5 мм болатын қызғылт минерал тауып, тажеранит деп атаған. Фианиттің химиялық формуласы: ZrO2, оны алу үшін CaO, Cr2O3, MgO және сирек элементтердің оксидтерін қосады. Кубтық сингонияда кристалданып, өлшемдері 1 см және одан да ірі кристалдар түзеді. Фианит әдетте түссіз, мөлдір, әр түрлі бояғыш құраушылар қосып, сары (Са), күлгін (Co), сұр күлгін (Mn), жасыл (Cr), т.б. түстер алуға болады. Қатт. Моос шкаласы бойынша 8,5, тығызд. 5,8 – 5,9 г/см3, жіктілігі жетілмеген. Қазіргі кезде Ресейде, Швейцарияда, Францияда өндіріледі, әшекей бұйымдар жасау үшін қолданылады.

Сілтемелер

Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}