Федченко эдельвейсі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстанның барлық тауларында кездеседі. Эдельвейс туысын 30 түр құрайды. Оның екеуі Қазақстанда кездеседі, латын тіліндегі атауы грек сөзінен шыққан «леон» - арыстан және поду – табан. Өсімдікке ақ жүн тектес гүлшоғырының арыстанның аяғына ұқсайтындығына қарап берген. Көптеген адамдар эдельвейсті бірінші рет көргенде оның қарапайым түрін көріп таңқаларлық күйде қалады. Бұл шөптесін көпжылдықты торлы және талшықты жэұмсақ қалың түк басқан. Себеттер барынша ұсақ, әдетте дара жынысты. Аналық гүлдер себеттің жиегіне орналасқан, ал аталықтары ортасында. Эдельвейс маусым-шілдеде гүлдейді, шілде-тамызда жеміс салады. Тұқымымен көбейеді. Тұқымында болатын қылшықты айдары желмен таралуына мүмкіндік туғызады. Құрғақ гүлшоқтарын жасауға жарамды сәндік өсімдік. Біз қарастырып отырған түр табиғаьтта көп кездеседі, сөйте тұра қам –қорлықпен қарауды талап етеді. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>