Федор Панферов Иванович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Федор Панферов Иванович (2.10.1896, қазіргі Ульянов облысы., Павловка селосы.,-10.9.1960, Мәскеу)- орыс кеңес жазушысы. 1926 жылдан КПСС мүшесі.

Өмірі

Саратов университетінде (1923-1925) оқыды. 1925-1931 ж. «Крестьянский журнал», 1931-1960 ж. (аз үзіліспен) « Октябрь» журналдарының редакторы болды. «Аталар алдында» атты алғашқы әңгімесі 1918 ж. Жарияланды. Содан бер Панферов көптеген очерктер, әңгімелер, пьесалар, повестер, романдар жазды.

Еңбектері

Ең басты шығармасы- «Қайрақ» романында (1-4 кітап., 1928-1937) коллективтендіру дәуірінің шындығын терең суреттеді. Осы роман негізінже «Өмір пьесасын» (1939), «Қуаныш жолында» киносценарийін (1940) «Бейбітшілік үшін күрес» (1-2 к кітап.,1945-1947; КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған, 1948 ), «Бүліншілікке ұшыраған елде» (1948; КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған, 1949), «Үлкен Өнер» (1954) романдарында совет халқының соғыс кезеңіндегі және одан кейінгі дәуірдегі өмірін суреттеді. Панферов өмірінің соңғы кезінде «Волга-ұлы өзен» трилогиясын («Соққы», 1953; «Толғаныс», 1958; «Жас ұрпақ үшін», 1960 ) жазды.2-4 сайл КСРО Жоғарғы советінің депутаты. 5 орденмен, медальдармен марапатталған. Панферовтің «Бейбітшілік үшін күрес» романы қазақ тіліне аударылып (1954) басылды.

Сыйлықтары

Өз туындылары үшін 1948,1949 жылдары КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том, 126 бет</ref>