Федор Николаевич Усов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Федор Николаевич Усов (1839, қазіргі Павлодар қ. – 21.9.1888, Көкшетау қ.) – Сібірді зерттеуші, тарихшы.

Омбы кадет корпусын бітірген (1856), Бас штабтың Николаев академиясында оқыған. 1856 жылдан Сібір казактары әскерінде қызметте болып, Сібір казактары әскерлерінің жаңа жарғысын әзірлеуге қатысты. Ш.Уәлихановпен, Г.Н. Потанинмен, Н.Ядринцевпен достық қарым-қатынаста болған. У. Батыс Сібірдің тарихын және Сібір казак әскерінің құрылу тарихын зерттеумен айналысты. Орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінде жұмыс істеп, 1881 – 85 ж. осы мекеменің хатшысы болды. Ғыл.-зерт. еңбектері үшін Орыс география қоғамының кіші алтын медалімен марапатталған. “Сібір әскерлері 1876 жылғы мәліметтер бойынша халық орналасқан жерлердің тізімі” (Омбы, 1877), “Сібір казактары әскерлерінің статистикалық жағынан баяндалуы” (СПб., 1879), “Александр ҚҚ патшалық құрған кезеңдегі Батыс Сібірдің тарихи очерктері” (Батыс Сібірдің естелік кітапшасы, Омбы, 1882), т.б. ғыл. еңбектердің авторы. өмірінің соңғы жылдарын Көкшетау қаласында өткізген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}