Федор Константинович Бойко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Федор Константинович Бойко (20 ақпан 1920 жылы, Павлодар облысы, Павлодар ауданында туған) – техника ғылымының докторы (1980 жылы), профессор (1976 жылы). II - дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ленинград техникумын (1939 жылы), Мәскеу индустриялды институтын (1947 жылы) бітірген. 1939–42 жылдары Астрахан облысы, Баскунчак ауданы, Бассоль зауыты басқармасы бастығының және бас механиктің көмекшісі, Павлодар қаласы Октябрь зауытының аға инженер-электригі, бас энергетигі, бас инженрі (1946–50 жылы), Павлодар қалалық комитетінің бөлім меңгерушісі (1951–52 жылдары), Қазақстан КП облысы комитетінің бөлім меңгерушісі (1952–62 жылы), Павлодар индустриялды институтының (қазіргі Павлодар мемлекеттік университеті) проректоры (1962–64 жылдары), Павлодар педагогика институтының доценті (1964–69 жылдары), Павлодар индустриялды институтының кафедра меңгерушісі (1969–76 жылдары), институт ректоры (1976–84 жылдары) қызметтерін атқарды. 1984 жылдан кафедра меңгерушісі, профессор 100-ден астам ғылыми еңбек пен 10 монографияның авторы.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Шығармалары

1. "Методические рекомендации по рациональному использованию электрической энергии на предприятиях цветной металлургии", Омбы, 1972;

2. "Повышение эффективности использования оборудования и электроэнергии", Алматы, 1979.

Мыртқы сілтемелер

1. "Фёдор Константинович Бойко"

2. "В Павлодаре умер гениальный изобретатель Ф.Бойко"

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}