Федоров бөгені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Федоров бөгені — Қарағанды қаласының түбіндегі бөген. Соқыр өзенінің (Шерубайнұраның саласы) суымен толтыру нәтижесінде қалыптасқан. 1966 жылдан бастап толтырыла басталды. Бөген 1981 жылдан Қарағанды қаласының құзырында. Ауданы — 4,32 км², ұзындығы — 4,1 км, ені — 2,2 км, орташа тереңдігі — 19,2 м (ең терең жері 100 м). Бөгеннің сыйымдылығы — 83,0 млн. м3, су жинау алқабының ауданы — 4260 км². Бөген 300 га-лық саябақ массивін, 2000 га-лық саябақтық телімдерді суарады. Сонымен бірге Ертіс— Қарағанды каналы суының бір бөлігі осы бөгенге құйылады, тұнғаннан кейін керегінше Жартас бөгеніне жіберіледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>