Фациялық талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фациялық талдау – шөгіндінің өткен геологиялық кезеңдердегі физика-географиялық жағдайын анықтау үшін қолданылатын әдістер мен арнайы әдістемелердің жиынтығы. Фациялық талдаудың далалық және камералдық (лабораториялық) түрлері болады. Далалық жағдайда негізінен тау жыныстарының әр түрлі типтерінің өзара қарым-қатынасы мен текстураларының талдауы, бұлардың геологиялық циклдердегі (оралымдардағы) алған орны, т.б., ал камералдық жағдайда тау жыныстарының заттық құрамы, құрылымы даладан алынған үлгілер бойынша анықталады. Фациялық талдау кезінде өткен геологиялық кезеңдердің шөгінділерін солардың физ.-географиялық жағдайларына ұқсас қалыптасып жатқан қазіргі шөгінді тау жыныстарымен салыстыру әдісі қолданылады. Зерттеуге шөгінділердің қалыптасуы кезіндегі палеотектоникалық, палеоклиматтық жағдайлары және бұлардың түрлену процестерінің (диагенез, гипергенез, т.б.) басты мәндері туралы алдын ала негізделген деректері пайдаланылады. Ежелгі дәуірлердің физ.-химикалық жағдайлары, әсіресе гео.-химиялық процестері мен организмдер тіршілігінің бейнесі қазіргіден өзгеше болуына байланысты сол дәуірлердің Фациялық талдауы нәтижелерінің дәлдігі едәуір төмен болады.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}