Фальцет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Vocal Fold Scheme.gif
вокалдік сызба

Фальцет (итал. falsetto, falso — жалған) — әнші даусының (көбіне ерлер даусы) белгілі бір регистрі. Бұл регистрдегі музыкалық дыбыс кеуде резонаторының қатысынсыз, тек бас резонаторы арқылы шығарылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> “Фальцет” термині алғаш рет 16 ғасырда Италияда қолданыла бастады; 17 ғасырда италиялық шіркеулер хорында Фальцетті альт партиясын орындаушыларына жүктеді. 19 ғасырдың басында әншілер (тенор) Фальцетті жоғары дыбыстарды айтуға қолданған. Қазіргі опералық және концерттік әншілікте Фальцет дыбысқа ерекше бояу беру (көбіне күлкілі әсер туғызу) мақсатында пайдаланылады. Мысалы, А.Н. Римский-Корсаковтың “Қарлы ханымындағы” Берендейдің, Дж.Россинидің “Севиль шаштаразында” Фигароның каватиналары, сондай-ақ қазақ операларының кейіпкерлерінде де (мысалы, С.Мұхамеджановтың “Айсұлу” операсындағы Серкенің каватинасы) кездеседі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}