Файзулла Оразаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Файзулла Оразаев - 1938 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ихан ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін аяқтап, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында әдеби қызметкер, «Қазақфильм» киностудиясында аға редактор, «Жұлдыз» журналында сын бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1966—1969 жж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында оқиды. 1970 жылы «Бейімбет Майлиннің стилі» деген тақырыпта кандидаттық, 1975 жылы «Қазақ совет әдебиетіндегі коммунист образының проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 1971 — 1980 жж. дейін Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарады. 1980—1994 жж. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінде кафедра меңгерушісі. Қазір Халықаралық мамандықтар институтының ректоры. «Қазақ театрының тарихы» I және ІІ томдар, «Стиль сыры» (1975), «Уақыт және қаламгер» (1975—1981), «Художественное искание современной советской многонациональной литературы» (1980), «Фольклор. Литература и история Востока» (Ташкент, 1984) кітаптары авторларының бірі, М.Горький, П.Кадыров, У.Хашимов, А.Станюковичтің шығармаларын аударған. Шығармалары: Басты тұлға. Монография. А., «Жазушы», 1973; Жастық шақ театры. Монография. А., «Өнер», 1978; Замана қаһарманы. Монография. А.,»Жазушы», 1981.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}