Файзолла Оразай Мұртазаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Файзолла Оразай Мұртазаұлы (15.12.1938 ж.туған, Түркістан ауданы Ихан ауылы ) – ғалым, филология ғылым. докторы (1975), профессоры. ҚазМУ-дың филология факултеті журналистика бөлімін бітірген (1960). республикалық. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында әдеби қызметкер, «Қазақфильм» киностудиясында аға редактор, «Жұлдыз» журналында сын бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1966 – 67 ж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогткалық институтының аспирантурасында оқыды. 1970 ж. «Бейімбет Майлиннің стилі» деген тақырыпта канд., 1975 ж. «Қазақ совет әдебиетіндегі коммунист образының проблемалары» тақырыбында докторы дисс. қорғады. 1971 – 94 ж. Қазақстан ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылым. қызметкер, ҚазМУ-дың журналистика факултетін де кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазір Халықар. журналистика институтының ректоры. «Қазақ театрының тарихы» (1,2-т.), «Стиль сыры» (1975), «Уақыт және қаламгер» (1975 – 81), «Художественное изыскание советской многонациональной литературы» (1980), «Фольклор. Литература и история Востока» (Ташкент, 1984) кітаптары авторларының бірі. Ол М.Горький, П.Кадыров, У.Хашимов, ауылы Станюковичтің шығармаларын аударған.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Файзолла Оразай Мұртазаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}