Фабрициев қалтасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фабрициев қалтасы (bursa Fabrіcі) — құстардың тік ішегінің соңында болатын тұйық өскін. Фабрициев қалтасы құс балапандарында жақсы дамыған. Оны алғаш рет италия ғалымы Дж.Фабриций (1533 — 1619) сипаттап жазғандықтан, соның атымен аталған. Көптеген құстардың балапандарында жыныстық жетілу кезеңіне дейін Фабрициев қалтасы айқын байқалады әрі жақсы дамиды, ал ересек құстарда ол бірте-бірте жойылады. Фабрициев қалтасы құстарда, негізінен иммундық жүйенің орталығы мүшесі болып саналады. Сондықтан кейде оны клоакалық тимус деп те атайды. Оның қабырғасы қалың және онда лимфоцит, лейкоцит клеткалары, антиденелер түзіледі. Фабрициев қалтасында көпіршік тәрізді лимфоидты фолликулалар болады. Фабрициев қалтасы құстарда ішкі секреция бездерінің міндетін атқарады. Фабрициев қалтасын алып тастаған құстарда иммундық қасиет төмендейді. Сонымен қатар Фабрициев қалтасы құстардың қораздарында аталық бездердің қалыпты дамуына да әсер етеді.

Фабрициев қалтасы— қан иммунитетінің дамуына жауапты алғашқы лимфоидты ағза. Ол тек құстарда ғана болады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/> "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Фабрициев қалтасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}