Уәзір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәзір (Үлгі:Lang-ar - уазир) - мейл. әкімш. басшысы. Құранда бұл сөз «көмекші» деген алғашқы мағынасында қолданылады. Мұхаммедтің (с.а.у.) мұрагерлік сайлау барысында да осы мағынада қолданылған. Онда мұхаджирлер ансарларға былай деген: «Бізден - әмір, ал сізден - уәзір». Әбу Саламның тұсындағы Аббас әулетінде Уәзір «әулие көмекшісі» деген құрметті атақтың құрамдас бөлігі ретінде қолданылды. Әл- Мансұрдың (754 - 75) тұсында ғана Уәзір әкімш-тің басшысы ретінде қолданылған. Ортағасырлардағы арабтардың тарихи және әдеби шығармаларында Уәзір Сасани эулетінің вузург фрамандары деп аталды. Мұндай үйлестіруге, бәлкім, Аббас әулетінің Уәзір қызметі мен вузург фрамандарының атқаратын міндетінің толық сәйкес келуі негіз болған шығар. Уәзірдің мемл. әкімштің басшысы ретінде тарихтан орын алуы, сөз жоқ, Аббас әулеті тұсындағы Иран мәдени дәстүрінің қайта өрлеуімен байланысты. Уәзірдің негізгі міндеті әкімш. пен қаржыны реттеу болды. Әскер мен заң қызметіне араласқан жоқ. Батыста тап осындай міндет атқаратын адам басқаша аталды. Осман империясында бірнеше Уәзір болды. Соның ішінде Ұлы Уәзір ғана сұлтанның алдына кіру құқығын иеленді. Ахмедтің (1703 - 30) тұсында Уәзір лауазымын бір ғана адам иеленді. Кейінірек ол ірі елді мекендердің патшаларына жүктелді. Нағыз уәзірлік қызметті тек Ұлы Уәзір ғана жүзеге асырды. Осымен бір мезгілде ол сұлтан мөрінің сақтаушысы да болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub