Учан көтерілісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:WuchangUprising.jpg
Ухань қаласыдағы (бұрығы Учан) "Көтеріліс алаңы", суреттің артқы планындағы ғимаратта 1911 ж. көтерісшілердің штабы орналасқан
Учан көтерілісі (қыт. 武昌起義, пиньинь: Wǔchāng Qǐyì) -1911жылда Қытайдағы Синьхай революциясының басын бастап берген қарулы көтеріліс.

Көтеріліс 1911 жылғы 10 қазанда Учан қаласында (қазіргі Ухань қаласы мен Яцзыдың оңтүстігі) басталды. Оған Учан горнизонының әскери күштері қатысты; әскерилерді қала мен ауыл тұрғындары қолдады.
Көтерілісті Гунцзиньнхой ме Вэньсюэшэ революция ұйымдары ұйымдастырды және басқарды. Көтеріліс Учан қаласында, сонан соң 1911 жылғы 11-12 қазанда Ханьхоу мен Ханьян қалаларында жалғасты. Нәтижесінде маньчжурлық Цин әулетінің өкімет билігін (1644-1911) құлатты. Хубэй провинцияның Пекин үкіметіне тәуелсіз екенін және басқарудың республикалық формасы енгізілетінін жариялады.
Көтеріліс жеңгенен кейін бір жұма ішінде Учан әскери-революция үкіметі ерікті революциялық армия құрды; солдаттар қатарлары шаруалардан, жұмысшылар мен оқушылардан құралды. Учан қаласы берік революциялық базаға айналды. Көтеріліс бүкіл елге тез тарады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998