Уильям Голдинг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer Сэр Уильям Джералд Голдинг (ағылш. William Gerald Golding; 19 қыркүйек 1911 — 19 маусым 1993) — ағылшын жазушысы, 1983 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Биография

Уильям Джералд Голдинг 1911 жылы 19 қыркүйекте ежелгі Сент-Коламбта (Корнуолл графтығы), мектеп мұғалімі және бірнеше кітап авторы Алексей Голдинг отбасында дүниеге келеді. Уильям өзінің мектепке дейінгі болалық шағын есте сақтайды: оның достары мен таныстары болмайды, қарым-қатынас ортасы тек үй ішімен және бала күтушісі Лилимен ғана шектеледі. Тек ауылдық аймақтағы серуендері, Корнуолл теңіз жағалауына шығатын жалғасқан жолдар ғана есінде сақталған, сонымен қатар «Мальбородағы мазар маңында орналасқан ата-бабасынан келе жатқан жеке үйінде қорқыныш және үреймен» таңданады. Голдинг бала кезінде екі нәрсеге, оқуға және математикаға қызығушылығы пайда болады. Уильям өздігінен білім алуын классикадан («Одиссея», Гомер) бастайды және Дж. Свифт, Э. Р. Берроуз, Жюля Верн, Э. А. По романдарын оқиды. 1921 жылы әкесі Алек табиғи ғылымынан сабақ беретін Мольборо (Marlborough Grammar School) орта мектебіне түседі. Бұл жерде бозбаланың алғаш рет жазушылық идеясы пайда болады. Он екі жасында өзінің кәсіподақ қозғалысы тақырыбына арналған бірінші көркемдік шығармасы туралы ойланады. Жоспарлаған 12 томдық эпопеяның тек қана бір фразасы сақталады: «Мен 1792 жылы 11 қазанда Корнуолл герцогтығында дүниеге келдім; менің ата-анам ауқатты, бірақ адал адамдар болған». Соңында белгіленгендей, қолданылған «бірақ» сөзі көп нәрсені аңғартады.

Әдебиеттік дебют

Сурет:Golding's House.jpg
Голдингтердің Мальбородағы үйі

Голдинг Оксфорд студенті болғанында өлең жазып бастайды. Алғашқы кезде бұл қызығушылық психологиялық тұрғыдан қарағанда нақты ғылымға бату қажеттілігі ретінде қалыптасады. Бернард Ф. Дик жазғандай, мансабын жаңадан бастаған әдебиетші «өзінің табиғат жайлы бақылауынан, жауапсыз махаббат, теңіз даусы және рационализм қызығушылығынан» бастайды. Оның студент кезіндегі достарының бірі бұл үзінділерді жеке жинаққа салып, жас поэзия авторларының басылымын дайындап жатқан Macmillan баспасына жібереді. Голдинг бір күні таңертең 1934 жылы күзде кенеттен Poems by W. G. Golding жинағы үшін бес фунт стерлинг чек алады. Осылайша өзінің әдебиет мансабының бастамасы екенін біледі.

Голдингтің бірінші соғыс кемесі Атлант мұхитының солтүстігінде жасалған HMS Galatea болады. 1942 жылдың басында теңіз патруль бөлімшесі құрамындағы Гладстон догында көп сағаттық кезекшілік жүргізген Голдингті Ливерпульге ауыстырады. 1942 жылы көктемде оны Букингемширдегі әскери зерттеу орталығы MD1-ге жібереді, ал 1943 жылдың бас кезінде жіберген өтініші бойынша бұрынғы флотына қайта ауыстырылады. Көп ұзамай Голдинг Нью-Йоркте болады. Өндірушілер доктарынан Нью-Джерси және Ұлыбританияға миноносецтерді асыуды ұйымдастырады. Десанттық кеме-ракетоносында арнайы дайындықтан өткеннен кейін Нормандиядағы одақтас түсіруде және Валькерн аралына басып кіру D Day оқиғасына командир ретінде қатысады.

Бүкіләлемдік танымалдылық

Уильям Голдинг 1945 жылы қыркүйекте демобилизацияланып, Солсберидегі Уордсворт мектебіне сабақ беруге қайта оралады. Дәл сол күндері ол ежелгі грек әдебиетін оқуға кіріседі. «Егер мен шынымен де әдебиеттегі жолбастаушыны таңдайтын болсам, Еврипид, Софокл, мүмкін Геродот сияқты әйгілі аттарды таңдар едім... Сонымен қатар сол жылдары Гомерге деген терең махаббат сезінгенін» – жазушы Дж. Бейкерге («William Golding, A Critical Study») айтып береді. Сол кезде Голдинг соғысқа дейінгі қызығушылығына: әдебиет шығармашылығы; журналдарға рецензия мен мақала жазуға қайта оралады. Жазушының алдыңғы төрт романы да жарық көрмеді, ақырында барлық қолжазбалары шығындалады. Кейінірек Голдинг бұл әрекеттер алдын ала сәтсіздікке душар болғанын айтады, өйткені ол өзінің емес, баспалық талаптарды орындауға тырысқан. Соғысқа қатысқан жазушыдан әскери тәжірибесіне негізделген мемуарлар немесе роман түріндегі шығармаларды күтеді.

1983 жылы Уильям Голдинг әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына өзінің қазіргі әлемде адамзаттың тіршілік етуі жағдайын түсінуге көмектесетін мифтің алуан түрлілігі мен әмбебаптығын қабыстырып, айқын реалистік тұрғыда баяндау арқылы жазылған романы үшін лайық деп табылады. Голдингті басқа ағылшын кандидаты Грэму Гриннен артық көргені үшін көбісі таңқаларлық жағдайда қалады. Сонымен бірге Швед академиясының мүшесі, әдебиеттанушы Артур Лунквист Голдинг сайлауында қарсы болып, бұл автор таза ағылшын көрінісі және оның шығармалары нақты маңызға жатпайды деп мәлімдейді. Ларс Июлленстен кандидат шығармаларына өзгеше баға береді. Швед академиясының өкілі «Голдинг романдары мен әңгімелері түнерген насихат және жамандық жайлы қараңғы аңыз немесе сатылған бұзылған күштер жайлы, сонымен қатар рақаттылық есебіндегі қызықты оқиға тарихы» – деп пайымдайды. Оның кітаптарын ешқандай күш қолданбай-ақ қызығушылық және ынтамен оқуға болады... Бірақ олар кәсіпқой әдеби сыншылардың қызығушылығын тудырып, Голдинг шығармаларында екі мәнділік пен түсінудегі күрделілік мәселелерін атап көрсетеді.

1955—1963

1964—1983

Өмірінің соңғы кезеңі

Голдинг 1988 жылы Екінші Елизавета Королевадан екінші рыцарь титулын иеленеді. Ағылшын-американ баспасөзінде пікірталас тудырған «Бумажные людишки» (The Paper Men) атты романы жарық көреді. Оның артынан «Тесное соседство» (Close Quarters, 1987) және «Пожар внизу» (Fire Down Below, 1989) романдары басылып шығады. 1991 жылы сексен жылдық мерей тойына дейін үш романын біріктіріп, «На край света: морская трилогия» атты шығармасын басып шығады.

Шығармашылығы

Сыншылардың пікірлері

1959—1964 жылдардағы романдары

Сурет:William Golding medal.jpg
Голдинг дәріс берген Солсбери мектебіндегі мемориальді медаль.

1967—1979: «Пирамида» және «Зримая тьма»

Голдингтің соңғы романдары

Жанұясы

Мінезінің ерекшеліктері

Голдинг жайындағы кітаптар

  • Bernard Bergonzi, J. S. Whitely. William Golding (1982, Sussex Publications. Audio Edition. ISBN 0-905272-33-1)
  • Bernard F. Dick. William Golding (1986, Twayne Publishers Inc.,U.S., ISBN 0-8057-6925-0)
  • G. Handley. Brodie’s Notes on William Golding’s Lord of the Flies (1990, ISBN 0-333-58098-2)
  • R. A. Gekoski, P. A. Grogan. William Golding . A Bibliography 1934—1993 (1994, ISBN 0-233-98611-1)
  • Pralhad A Kulkarni. William Golding: A Critical Study (1994)
  • Kevin McCarron. William Golding)Writers and Their Work) (1994 ISBN 0-7463-1143-5)
  • Andrew Bent. A Study Course on William Golding’s Lord of the Flies (1995 ISBN 1-86083-036-6)
  • Harold Bloom. William Golding’s Lord of the Flies (1995 ISBN 1-60413-814-9)
  • Virginia Tiger. William Golding — the Unmoved (1999 ISBN 0-7145-3042-5).
  • M. Kinkead-Weekes, I. Gregor. William Golding (2002, Faber & Faber)