Удольская Надежда Львовна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Удольская Надежда Львовна (26.3.1903, Ресей, Қорған қ. – 22.9.1986, Алматы қ.) – биология ғылымының докторы (1963), профессор (1964), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1968). Иркутск университетін бітірген (1925). Омбы тәжірибе станциясында ассистент, лаборатория меңгерушісі (1926–37), Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1937–38), Алматы селекциялық станциясында топ жетекшісі (1938–54), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) доцент (1954–64), 1964 жылдан профессор қызметтерін атқарды. 1963 ж. «Биологические основы селекции яровой пшеницы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның ғылыми еңбектері өсімдіктер физиологиясына арналған. Ол бидай мен сұлы сорттарының минералды тыңайтқыш сіңуі нәтижесінде қанша қосымша өнім беретінін анықтап, олардың қуаңшылыққа төзімділігі жөнінде соны пікірлер айтқан. Жаздық бидайдың 4 сортын (Украина жаздық бидайы, Қазақстандық 3, Қазақстандық 4, Қазақстандық 126) шығарып, аудандастырған. Удольская бидай гетерозисін зерттеген. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Удольская Надежда Львовна|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}