Уваров Виталий Николаевич
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Уваров Виталий Николаевич (18.10.1937 ж.т., Ресей, Орынбор обл. Шарлык ауд. Шарлык с.) – заң ғылымы докторы (1988). КСРО спорт шебері (1962), Қазақ КСР-і Оқу ісінің үздігі. Қазақ физкультура институты (1959, қазіргі Қазақ Мемлекеттік Спорт Және Туризм Академиясы) мен ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы қаласындағы Балалар спорт мектебінде жаттықтырушы, ҚазМУ-да оқытушы, Алматы халық шаруалар институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент (қазіргі Қазақ экономика университеті; 1959–74), Қазақ физкультура институтында кафедра меңгерушісі (1967–94), Қазақ мемлекеттік заң университеті нің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1994–98); 1998 жылдан осы университеттің жанындағы Мемлекеттік қызметкерлер институтының (2002 жылдан Солтүстік Қазақстан заң академиясы) директоры қызметін атқарады. 1985 ж. «Государственно-правовые проблемы развития физической культуры и спорта в СССР» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері. 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде бірқатар кітаптың (мысалы: «Советское право», 1986; «Государственная служба», 1996; «Трудовое законодательство Республики Казахстан», 1998, т.б.) авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
- <references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Уваров Виталий Николаевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}