Уақытты қабылдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уақытты қабылдау — бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру. И.П. Павлов пен оның ізбасарлары тәжірибе жүзінде дәлелдеген адамдарда үнемі жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесінің физиологиялық негізі болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмінде болатын ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дәл, тікелей қабылдауға көнетін тек қысқа мерзімді интервалдар ғана. Уақыттық аралықтарды дәл бағалауға есту және қимылдық түйсіктер себепші болатындығы анықталған. Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді. Қызықты, маңызды істерге толы уақыт зымырап тез өтеді. Егер оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды. Уақытты бейнелеудегі кейбір субъективтілік адамның жасына да байланысты болады. Мысалы, балалар үшін уақыт өтпейтіндей көрінсе, ересектер оны тез өткендей қабылдайды. Адам уақытты қабылдаудағы субъективтіліктен практикалық іс-әрекет пен тәжірибесі негізінде арыла алады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}