Уақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уақтар - IX - XIII ғасырларда "онгуттар" деп аталған тайпа.

Рашид әд-Дин уақтарды: "онгуттар, яғни ақ татарлар IX - X ғасырлар аралығында Ляо (қидандарға) тәуелді болған ел", - дейді. Уақтар түркі тайпасының бір тармағын құрайды. ("онгуттар" - қорық қорушылар). XII ғасырдың басында уақтарды Бинуй дигит хури басқарды. Дигит хури қызметке берілетін лауазым емес, оны ата - тегіне қарай берген. Бұл атақ әулеттің билеушілік салтымен әрі Алтын ханның ұйғаруымен берілетін. "Дигит хури" тұңғысша тайпа билушісі деген мағынаны білдіреді. Уақ тайпа бірлестігін Алтын хан сайлаған ""дигит хури" басқарды. Бинуй өлгенде оның мұрагері Шенгуйді Алтын хан кепілге өз қолына алдырады да, Алакуш тегінді "дигит хури" етіп сайлайды. XII ғасырдың орта тұсында, Шыңғыс хан жорығы кезінде, уақтарды - Алакуш тегін басқарды. <ref>Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References