Уақасова Үмітжан Жүнісқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уақасова Үмітжан Жүнісқызы1940 жылы Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында дүниеге келген. <ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1—7-сыныптарды Үрімжідегі қыздар гимназиясында окыған.

1955 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келген. 1959 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданына қарасты Көкжыра орта мектебін күміс медальмен бітіріп, Алматыдағы қыздар педагогикалық институтының физикаматематика бөліміне оқуға түсіп, оны 1964 жылы тәмәмдаған.

Институт бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған, 1969 жылы "Мектеп" баспасының физика-математика редакциясына жұмысқа орналасқан. Баспада кіші редакторлықтан бастап, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі дәрежелерінен откен.

Мәскеудегі, Алматыдағы редакторлардың білімін жетілдіру курстарын тәмәмдап, білімі мен іскерлігін жетілдіре жүріп, өзінен кейінгі көптеген жас редакторларды баулып, тәрбиелеген білікті тәлімгер.

Сонымен катар мұғалімдермен, әдіскерлермен және ғалымдармен бірлесе жұмыс істеп, жоғары оқу орындарының студенттеріне, орта мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған көптеген оқулықтар мен әдістемелік құралдардың жарық көруіне атсалысқан.

Үмітжан Жүнісқызы редакторлық жұмысымен ғана тынбай, көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын мәселен, Колмогоров А.Н. "Алгебра және анализ бастамалары", Мякишев Г.Я. "Физика, 11", Погорелов "Геометрия, 6-11", Житомирский В.Г. "Балдырғандарға арналған геометрия", "Қызықты алгебра", "Қызықты физика" т.б. кітаптарды қазақ тілінеаударды.

Үмітжан Жүнісқызы баспада сіңірген ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін "Еңбек ардагері" медалімен, бірнеше рет мақтау грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}