Төртқара күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төртқара күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. 19 ғасырдың 1-жартысында портал-күмбезді үлгімен тұрғызылған. Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Арпабұлақ мекенінен батысқа қарай 6 км жерде орналасқан.Төртқара күмбезінің сәулетшісі – Еламанұлы Серәлі. Ескерткіш тұрған қорым кейіннен “Төртқара бейіті” атанып кеткен. Құрылыс негізгі текше көлемнен, сегіз қырлы биік барабан мен шошақ күмбезден және еңселі порталдан тұрады. Ескерткіштің сыртқы ауданы 7,23x6,40 м, биіктігі 8,8 м. Құрылыс материалы негізінен шикі кірпіш. Төртқара күмбезі сыртынан күйдірілген кірпішпен қапталып, оның еңселі портал маңдайшасы мен қос босағасына түйе табан үлгімен бедерленген күйген кірпіштен “П” әрпіне ұқсас жолақ тартылған. Алдыңғы бетіндегі жебеге ұқсас тайыз қуыс ортасынан есік орнатылып, арка іспетті қуыс бедерлі кірпішпен көмкерілген. Төртқара күмбезінің ішкі қабырғалары ғаныш сылаққа көк, қызыл, жасыл және сары түсті бояумен көгеріс өрнек түсіру арқылы нақышталған. Төртқара күмбезі – қазақ сәулет өнерінде порталды-күмбезді үлгіде салынған архитектуралық ескерткіштердің бірі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 8 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төртқара күмбезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}