Төртқара Апыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әскери қайраткер Төртқара Апыр батыр (1700-1739) — қазақ батыры. Қазіргі Ұлытау ауданы Үлкен Бұлақ деген жерде дүниеге келген. Туған кезде-ақ, жұртты таңғалдырған екен, себебі нәресте ірі болып туылыпты. Сол кезде ауылда 90 жастан асқан кейуана бесікке салуға келіп, "апырай, апырай мұндай ірі бала туады екен ғой" деп таңғала беріпті. Баланың аяғы бесікке симай, шығып жатқан екен. Содан ауыл адамдары осы кейуанаға "өзіңіз баланың есімін қойыңыз" деп қолқа салған. Содан күні бойы таңғалған ана "апырай, апырай" дей беріппім, бұл нәрестенің аты "Апыр" болсын депті.

Өсе келе Апыр өзінен жасы үлкен балалармен ойнап, күреске, жарысқа әуес болыпты. Жас кезінде атпен теңге алу, аударыспақ, көкпар ойындарында көзге түскен, одан басқа жылқы күзетінде, барымта болғандарын іздеп тауып әкелумен айналысыпты.

Жоңғарлардың қазақ еліне шабуылы Апырды да намысқа жүгіндірмей кете алмады. Содан өзі бастап ауыл азаматтары мен туыстарының басын қосып, бірнеше жүздеген адаммен Қаракерей Қабанбай батырдың жасағына қосылады.

Осы жерде Апыр өзінің ерліктерімен көзге түсіп, Қаракерей Қабанбай батырдың туын ұстау мәртебесіне дейін көтеріліп, көптеген ұрыстарда аты шығады. Бұл тудың діңгегі осы уақытта Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақтаулы тұр. Дене бітімі зор, алып күштің иесі болыпты, талай жекпе-жектерде жеңіске жетіпті. Қанжығалы Бөгенбай батыр Апырға "Ерлік көрсеттің, талай жаумен жекпе-жекте жеңіске жеттің, батыр атына лайық екенсің" - деп өз алдараспанын сыйға тартыпты. Елді жоңғарлардан азат ету кезенінде Қабанбайдың бөлек тапсырмасымен Апыр қырғыз батыры Шабдарханды тізе бүктіреді. Шабдархан жоңғар жағында болып, қазақ ауылдарын шауып, малдарын айдап, қыз-келіншектерін алып кетіп отырған. Сол батырды Апыр арнайы іздеп, ұйықтап жатқан жерінде, бұлақтың басында найзасымен табанынан түртіп оятып, елінің кегін алуға келгенін айтып жекпе-жекке шақырады. Қырғыз батыры оның ұйықтап жатқанында басын алмағанына ырза болып, үш жылғы шауып алған малдарын есесімен қайтарыпты, сыйлыққа түйе бастаған "тоғызын" беріп, өзінің қызын Апыр батырға қосып, той думан жасап шығарып салыпты. Бұдан кейін Шабдархан батыр жоңғарларға қазақтар жағына шығып, талай шайқастарға қатысыпты.

Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Орта жүздегі Найманның Матайынан туған Төртқара руынан. Жоңғарларға қарсы Әбілқайыр хан бастаған Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста ерлігін көрсеткен. Орта жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған. Апыр батыр Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.

Дереккөздер

  • Бағдат Қазкенов. 06.08.2015. Абылайдың бір серігі Апыр батыр [1]
  • Қалкен Смайыл. 17.08.2016. Арғын Алтай Аралбай батыр [2]
  • Алма Джуманбаева. 27.08.2015. Героям Буланты от благодарных потомков [3]
  • Алма Джуманбаева. 22.10.2014. Обелиск в память о битве Буланты [4]
  • Төкен Әлжантегі. 25.07.2003. Апыр батыр [5]