Төрткөл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ТӨРТКӨЛ – көне қала орны. Талас ауданындағы Бостандық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км қашықтықта, Тараз – Бостандық автомобиль жолының сол жағында орналасқан. 1980 ж. Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (жетек. К.Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қаланың қазіргі орны биікт. 2,5 м болатын төртбұрышты төбе. Әрбір сыртқы қабырғасының ұзындығы 80 м. Қаланың орт. бөлігінде күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Мұнаралардың диам. 5 м. Қала үш жағынан терең ормен қоршалған. Ордың ені 8 м., қазіргі тереңд. 1,5 м. Қала орнынан керамикалық ыдыстардың, әйнектердің сынығы, қоладан жасалған бұйымдар табылды. Қала 8 – 12 ғасырда ірі сауда орт-ғы болған. К. Байбосынов <ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify