Төркін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТӨРКІН – ұзатылған қыздың туған-туысқаны, ел-жұрты. Ежелгі түрік заманында төркін ру, тайпа, ел жағынан “қандас-туыстар үйі” мағынасын білдірген. Қазақтың дәстүрлі қоғамында төркіннің айтарлықтай зор мәні болған. Ұзатылған қыз төркіндеп келсе, төркін жағы қалаған затын беруге міндетті деп есептелінеді. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу – әр қыздың парызы және оның бір-ақ рет төркіндеп баруға қақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстүрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып. Қазақ дәстүрінде қыз төркіндеп, күйеу қайындап, жиен нағашылап барады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтеме

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төркін|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}