Төрегелді Шарманұлы Шарманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Төрегелді Шарманұлы Шарманов (19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған) – қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ тағамтану академиясының президенті. Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы қаласының және Жезқазғанның Құрметті азаматы.

Жалпы мәліметтер

Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық иниститутына оқуға түсіп, өте жақсы көрксеткішімен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық иниститутынның асперантурасын жақсы нәтежеде бітірген.

Еңбек жолы

  • 1958-1962 жылдары - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері.
  • 1962-1968 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі.
  • 1968-1971 жылдары Ақтөбе медицина институтының ректоры.
  • 1971-1982 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі.
  • 1973-1984 және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті).
  • 1985-1988 жылдары - Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» атты журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
  • 1995 жылдың мамыр айынан - Қазақстанның Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті.
  • 1997 жылдан бастап «Здоровье и болезнь» журналының бас редакторы.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (8-10 мәрте сайланған).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизімін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина - санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Марапаттары

  • 1969 жылы "Қажырлы еңбегі үшін" медалі;
  • 1970 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалі;
  • 1976 жылы КСРОның «Октябрь революциясы» Ордені;
  • 1980 жыл КСРОның «Халықтар Достастығы» Ордені;
  • 1996 жылы ҚРның «Парасат ордені» ;
  • 2010 жылы ҚРның жоғарғы І дәрежедегі «Достық ордені»
  • 2016 жылы ҚРның жоғарғы ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені»
  • Бірнеше мемлекеттік және мерейтойлық медалдармен марапатталған.
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы;
  • Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері;
  • Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты;
  • «Жыл адамы» сыйлығының иегері;
  • Алматы қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
  • Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
  • «Қазақстан Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі;
  • «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» төсбелгісі;
  • Дүние жүзінің денсаулық сақтау ассамблясының « Леона Бернард» атындағы дүниежүзілік сыйлығын алды. (2005 жылы); (Бұл сыйлықпен әлем бойынша 42 адам ғана марапатталған);

Ғылыми атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}