Төре

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Genghis Khan.jpg
Шыңғыс хан

ТөреШыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын ұрпақ, қазақ даласында әлеуметтік топ. Олар қазақ руларына қосылмайтын өз алдына дербес қауым болып саналған. Төрелер өздерін “ақсүйек” қатарына жатқызған. Қазақ қоғамында хандар тек төрелерден шыққан сұлтандар арасынан сайланатын.

Төрелер әкімшілік және сот билігін жүзеге асырды. Сонымен қатар олардың соғыс кезінде жасақ құрып, оған қолбасшылық ету құқығы болды. Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы барысында Орта жүз бен Кіші жүзде бірте-бірте хандық жүйе жойылып, төрелер қазақ қоғамының саяси-экономикалық өмірінде бұрынғыдай рөл атқара алмады. Қазақстанда 1867 – 1868 жылдардағы реформалардың енгізілуі төрелердің экономикалық және саяси артықшылықтарын біржола жойды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Төреден шыққан қайраткерлер

  • Шоқан Уәлиханов
  • Шота-Аман Уәлиханов
  • Әлихан Бөкейханов

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Төрелердің шежіресі

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Қазақ рулары